Тақырыбы: «Мейірімділікке-бастар ғажайып әлем», «Мир добра»
/шығармалар сайысы/
Мақсаты:
· Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
· Шығарма жаздыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету
· Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу
Оқушыларды сайыстың мақсаты мен ережесіне тоқталып, таныстырып өту.
Өткізу мерзімі:
Сырттай байқау 2017 жылдың 8-нен 11-і ақпан аралығында өткізіледі.
Сайысқа қатысушылар:
Сайысқа қатысушылар 5-9 «А,Б» сыныптар.
Сайыс ережесі:
1. Шығарма тақырыпты толық қамтуы тиіс;
2. Шығарма нақты фактілерге негізделуі қажет.
3. Шығарманың мазмұнына, сөйлем құрау шеберлігіне баса назар аударылады;
4. Шығарма сауатты жазылуы тиіс;
5. Шығарманың тазалығына назар аударылады;
6. Парақтың сыртына аты – жөні, сыныбы жазылуы тиіс.
Жоғарыда аталған сайыс ережелеріне сай жазылған шығармалар іріктеліп, сұрыпталады. Сайыстың қорытындысы шығарылып, сайыскерлер мадақтама қағаздарымен марапатталады.
Ұйымдастырушылар: Акимова Г.Н. және Жолдаспаева Г.С.