"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"№1 негізгі орта мектебі" КММ-нің 2023 жылды қорытындылау есебі

25.12.2023

"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2023 жылды қорытындылау есебі.

        Қазіргі таңда мектепте оқушылар саны: 1-9 сыныптар арасында 44 оқушы, даярлық тобында 5 оқушы, шағын-орталықта 16 бала бар. Білім сапасы 2022-2023 оқу жылында 60% қорытындыласа, 2023 жылдың 1 тоқсанында 48,65 % құрайды.
      Тегін тамақпен 30 оқушы қамтылған. Оның ішінде 15 оқушы жалпы оқу қорынан.
Жалпы оқу қорынан 2023 жылы 15 оқушыға қаржылай көмек көрсетілді.
     Ағымдағы оқу жылының 3 айында біздің мұғалімдер келесі марапаттарға қол жеткізді:
Ерейментау ауданының  әкімнің алғыс хаты-Базарбаев А.Х.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасы аудандық кезеңіне қатысқаны үшін сертификат-4 мұғалім Хасиден Қ,Жусупова А.Ш., Мәден М, Сыздыкова С.А.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын білім беру саласының мамандары мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Тәуелсіздік дарыны» атты республикалық І дәрежелі диплом-Досумова Г.А.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын білім беру саласының мамандары мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Тәуелсіздік дарыны» атты республикалық І дәрежелі диплом-Хамитова А.Т.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты Қазақстан халына арналған жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның жыл мұғалімі2023» атты республикалық  байқаудан І дәрежелі диплом- Байсолтан А

«Қазақстандық оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының  Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ  Құрмет грамотасы –Хамитова А.Т

      Ағымдағы оқу жылының 3 айында біздің оқушылар келесі марапаттарға қол жеткізді:

«Кенгуру-математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсына 2 сынып оқушылары Габиденов Е,Қаділбек Ә, Каппас Б.
Жетекшісі:Жусупова А.Ш

7-8 сынып оқушыларына арналған Ұлттық олимпиадасының аудандық кезеңінде география пәнінен ІІ орын алған 8 сынып оқушысы 
Каирбаев Диас. Жетекшісі:Жуламонова А.Е.

«Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы ЖОББМ» КММ-де өткізілген аймақтық «Тоғызқұмалақ» жарысында ІІІ орын

«Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы ЖОББМ» КММ-де өткізілген аймақтық «Асық ату» жарысында ІІІ орын алған оқушылар- Абаев И, Габиденов С, Бекпулат Ж. Жетекшісі: Досумов М.Т.

3-4 сынып оқушылары  бойынша «Алтын сақа»  математикалық  аудандық олимпиадасынан       ІІІ-орын  алған 4 сынып оқушысы Каирбаев Миржан.

 Жетекшісі:Хасиден Қ.

Республикалық лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен ІІІ орын алған 8 сынып оқушысы Мұрат  Дәурен.  Жетекшісі: Хамитова А.Т.

«Бала шабыты» халықаралық конкурсты «Театр шығармашылығы және көркем сөз» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом 8 сынып оқушысы- Мұрат Дәурен. Жетекшісі: Досумова Г.А.

Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы шығармашылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған  Абай клубы мүшелерінің арасындағы аудандық «Абай оқулары» атты байқауында «Абай поэзиясы» номинациясы ІІІ орын алған 7 сынып оқушысы Базарбай Әнел. Жетекшісі:Байсолтан А

«Менің бизнес идеяларым», «Еңбегі адал жас өрен» бизнес жобалардың аудандық бизнес конференциясында ІІ орын алған 8 сынып оқушысы
Дахаева Ж.Е. Жетекшісі: Досумова Г.А.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын жас ұрпақтың арасында кеңінен насихаттау және патриоттық сезімдерін арттыру мақсантында өткізілген «ТӘУЕЛСІЗДІК ДАРЫНЫ» атты республикалық байқауына  8 сынып оқушылары Мұрат Дәурен және Дахаева Ж.ансель жүлделі  І дәрежелі диплом. Жетекшісі: Досумова Г.А.

Просмотров: 52


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст