"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының № 1 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа № 1 города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020

«№1 негізгі мектеп» КММ бойынша 2019-2020оқу жылындағы өткізілген іс-шаралардың есебі.

" №1 негізгі мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019-2020 оқу жылына бағдарланған әдістемелік жұмыс ұйымдастырылды, жоспары құрастырылып пән бойынша бірлестік жетекшілері бекітілді. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды. Әдістемелік кеңестің жұмыс тақырыбы: «Кәсіби орта мен шығармашылық білімді жетілдіру – оқушылардың сапалы білім алуының негізі».

Мектеп жұмысының мақсаты: «Әлеуметтік жауапты, шығармашылық белсенді, жоғары сапалы, денсаулығы мықты, рухани бай, жоғары мәдениетті қоғам мүшесін қалыптастыру».

Білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруды дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Қазіргі заманға лайық – білімді, жан-жақты шығармашыл, көшбасшылық қабілеттері бар тұлға тәрбиелеу.
«Мәңгілік ел» құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіру.
Үш тілді бағдарламаға көшуге дайындық жүргізу.

Күтілетін нәтиже:
- Үздік білім ресурстары мен технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасы арттыру арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығы арттырылады, мектептегі озық тәжірибелер жинақталып таратылады. 
Мектептегі оқыту әрекеттері оқу – тәрбие жұмысы мен әдістемелік жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Мектептің барлық жұмыс жүйесін тұтастай байланыстыратын мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттырудың басты құралы әдістемелік жұмыс болып табылады. Мектептің әдістемелік жұмысының рөлі қазіргі заман жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістемелерін, тәсілдері мен түрлерін тиімді қолдануға байланысты артып отыр. 
Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады.Бұл жұмыс мектептің негізгі әдістемелік мәселесін іске асыруға бағытталған.Мектептің әдістемелік жұмысын басқарудың жағдайын жақсарту мақсатында мектеп директорының бұйрығына сәйкес мектепте төменгі құрамда әдістемелік кеңес құрылды:
Кеңестің төрайымы: Мукашева Т.Б. – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Кеңес мүшелері:
Кудабаева Г.А. – директордың тәрбие ісі орынбасары
Акимова Г.Н. – Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі
Шайзина Р.Д. – Жарастылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі
Маден М. – Бастауыш сынып пәндер бірлестігінің жетекшісі
Кеңес хатшысы: Хамитова А.Т. – іс қағаздар жүргізушісі

Мектептегі әдістемелік жұмысының бағыттарына тоқталсақ
1. Ақпараттандыру ( әдістемелік педагогикалық мәліметтер жүйесін құру) 
2. Диагностикалық – болжамдаушылық ( мониторинг жүргізу) 
3. Қамтушылқ бағыт ( мемлекеттік стандартты меңгеру, оқу -тәрбие үрдісіне қажетті материалдармен қамту) 
4. Жаңашылдық және эксперементтік бағыт (эксперементтік –тәжірибе, авторлық бағдарламалар т.б. 
5. Пән бойынша білім стандартының орындалуы мен білім сапасы 
6. Әдістемелік айлық пен апталықтар, семинар, дөңгелек үстел, педагогикалық оқулар т.б. 
7. Іс құжаттармен жұмыс 
8. Пәнді оқыту үдерісінің нәтижесін талдау;
9. Оқу әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдарды дайындайды және жариялау;
10. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселесі;
11. Оқу лабараториялық базаны жетілдіру бойынша көрнекі –құралдар көрмелер, стендттер ұйымдастыру; 
12. Жас мамандарға әдістемелік көмек ұйымдастыру;
13. Оқу кабинеттерінің жабдықталуы
14. Педагогтардың пән бойынша өткізілетін білім сайыстары, олимпиада, байқауларға қатысуды ұйымдастыру;
15. Мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейін көтеру, пәнді оқыту әдістемесі бойынша тәжірибе алмасады. 

Бүгінгі мектеп алдында тұрған басты міндет- өз бетінше жүйелі дайындалатын берген білімді, дағдыны меңгеретін шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар  ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында пән бірлестігі"Оқытудың озық технологияларын қолдана отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту,ғылыми ізденіске баулу, жазу сауаттылығы мен  сөйлеу мәдениетін көтеру" өзекті мәселесі бойынша жұмыс істейді.

Оқу-тәрбие үрдісінің даму бағыты тікелей мектептің педагогикалық ұжымының кәсіби даярлығына байланысты. Мектеп педагогтардың жалпы саны-17, оның ішінде жоғары білімдісі - 9, арнаулы орта -7. Оның ішінде санаттары бойынша 
Ø Жоғары санатты -1
Ø І санатты -1
Ø ІІ санатты – 2
педагог-модератор - 1
Ø Санатсыз – 12
Мектептегі 3 әдістемелік бірлестіктер жұмыс атқарады. Әр бірлестіктің сапалық құрамына талдау жүргізу нәтижесінде:

 

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІҮ тоқсан

Білім сапасы

41,818%

41,818%

54,545%

56,364%

Үлгерімі

100

100

100

100

 

Мектебімізде жалпы 2019-2020 оқу жылының аяғында 54 оқушы бар,9 озат оқушы бар. Атап айтсақ: 1 «А» сынып оқушыларыГабиденова Дильназ, Зайкен Жансая, Мажитова Аяжан (мұғалімі Жусупова А.Ш.), 1 «Б» сынып оқушысыӘшімхан Нұрсұлта(мұғалімі Сыздыкова С.А.), 3 «А» сынып оқушысыМажитова Аружан(мұғалімі Маден М.), 4 «А» сынып оқушылары Қаирбаев Диас, Шунгулова Зарина, Дахаева Жансель, Мұрат Дәурен(мұғалімі Хасиден Қ.). Сонымен қатар 22 екпінді оқушымыз бар.
Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда еңбек жолын жаңа бастаған іс-тәжрибесі аз педагогтарды қолдану мақсатында бағытталған қызмет ерекше маңыздылық атқарады. Мектебімізде 4 жас маман бар. Жас мамандармен келесі жұмыстар атқарылды:  жас мамандар бойынша  банк деректерін және олармен  атқарылатын жұмыс  жоспарын құру; Тақырыптық-күнтізбелік  және күнделікті сабақ  жоспарын құруға  көмек көрсету; Тәлімгерлерді анықтау;Педагогикалық  қызметке  дайындық деңгейін анықтау және  әдістемелік көмекке   қажетсінулерін анықтау үшін сауалнама алу.
     Сонымен қатар жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен,        24 қазан күні жас ұстаздар арасында сайыс өтті. Жас ұстазымыз Гульдана Айтбаевна сайыстың төрт кезеңінен сүрінбей, жеңіс тұғырынан көрінді. «Жас ұстаз 2019» статуэткасына ие болды.
Ұстаздардың алдына қойған мақсаты бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мен олардың саналы білім алған білімді жастар болуын айқындайтын Елбасымыз Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" атты мақаласы аясында білімнің салтанат құруы  қажет деп танығанын оның жүзеге асуы үшін аянбай қызмет етуде. Жаңартылған білім аясында 5-8 сыныптардаоқушылардың танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыруға мүмкіндік алу үшін сабақтарда критериалдық бағалауды қолданады. Мұғалімдер  сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыру арқылы оқушылардың білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға, бағдарламаға сәйкес оқушының дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік алады. Тоқсан ішінде жиынтық бағалау үшін үш-төрт қорытынды жұмыстар жүргізіледі (БЖБ), оның нәтижесімен тоқсандық баға шығарылады (ТЖБ).
Ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлы "Мектептің  жаны- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болмақшы"- дегендей, мектебімізде қазіргі заман талабына сай оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу арқылы нәтижеге бағдарланған білім бере отырып, бәсекеге қабілетті шығармашылық, білімді тұлғаны тәрбиелейтін әдістемелік шеберлігі  шыңдалған мұғалімдер еңбек етеді. Атап айтқанда: Шайзина Раиса Дюсенбаевна,Акимова Гаухар Назымбековна.Әрине, еліміздің болашағы білімді жас ұрпақтың қолында екенін баршамызға мәлім. Осындай білімді, дарынды оқушылар біздің мектебімізде де кездедесіді.
Мектеп оқушылары түрлі Республикалық , халықаралық пәндік сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар:
06 шілде күні Елорда күніне орай ұйымдастырылған «Бала шабыты» жобасында «Көркем сөз» номинациясы бойынша мектебіміздің оқушысы Бекпулат Мөлдір 1 орынға ие болды. Мөлдір Күлаш Ахметованың «Сен қазақсың» шығармасын орындады. Қазылар алқасының көңілінен шығып, жоғары бағаланды.Арнайы кубокпен, дипломмен марапатталды. Сонымен қатар Бекпулат Мөлдір тілдір күніне өткізілген аудандық «Жұмекен Нәжимеденов» кркемсөз оқу шеберлік сайысына қатысып, 2 орынды иеленді. Жетекшісі Аманжолова Гульдана Айтбаевна.2-7 сынып оқушылары «Ақбота» зияткерлік марафонына қатысып, келесі жүлделі орындарға ие болды.  3 «Б» сынып оқушысы Туканова Камиля 2 орынға ие болды. 3 жүлделі орындарға ие болғандар: Мажитова А., Зайкен И. (2а сынып), Плешко Н. (2б сынып), Нургалиев Исламбек, Сайлауов Ильяс, Мажитов Қолғанат, Базарбай Әсел (5а сынып), Дахаев Мирас, Еңбекхан Толқынай, Маден Еркежан (7а сынып).3 сынып оқушылары Дахаева Жансель мен Каирбаев Диас халықаралық «British bulldog» ағылшын тілінен халықаралық ойын сайысына  қатысты. 7 сынып оқушылары Маден Е. мен Еңбекхан Т. қазақ тілі пәні бойынша онлайн олимпиадаға қатысып 1 орынға ие болды.
«Жарқын болашақ» атты республикалық байқауының аудандық кезеңінде «Білгірлер бәйгесі» сайысы бойынша мектебіміздің 7 сынып оқушысы Маден Еркежан 2 орынға ие болды. Акимова Гаухар Назымбековна мұғалімдер арасында өткен Дарын онлайн олимпиадасына қатысып, «Кемеңгер ұстаз» 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
11 -13 қараша аралығында (1 кезең), 15 қарашада (2 кезең) аралығында жалпы орта білім  пәндері  бойынша мектепішілік олимпиада өтетті. Мектепішілік олимпиадада келесі пәндер бойынша оқушылар өз білімдерін сынады.

 

Оқушының аты-жөні

сыныбы

пәндер

1

Кайрбаев Диас     

4 «А»

математика

2

Мұрат Даурен

4 «А»

математика

3

Шунгулова Зарина

4 «А»

математика

4

Туканова Камиля

4 «Б»

математика

5

Дахаева Жансель

4 «А»

математика

6

Маден Сандуғаш

9 «А»

қазақ тілі,

математика

7

Балтабаева Кымбат

8 «А»

Қазақстан тарихы

8

Мұрат Айшуақ

8 «А»

Қазақстан тарихы

 

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 9 сынып оқушы Маден Маруа (қазақ тілі) және 4 сынып оқушылары Туканова Камиля мен Кайрбаев Диас (математика пәнінен) аудандық пәндік олимпиадаға жолдама алды.

Мектебімізде сондай ақ жас ақындарымызда бар. Аудандық жас ақындар мұшайрасына 7 «А» сынып оқушысы Дахаев Мирас қатысып, бағын сынады.Жас ақынымыздың туындылары төрешілер тарапынан жоғары бағаланды.

Мектебіміздің ұстаздары аудан көлемінде ашық сабақтар өткізді. Н. Смагулов атындағы №2 орта мектеп-лицейінде қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Аманжолова Г.А. (8 «А» сыныбы), бастауыш сынып мұғалімдері Хасиден Қаділбек (4 «А» сыныбы), Маден Маруа (3 «А» сыныбы). Төлеу Шаханов атындағы №3 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі Мукашева Т.Б. (7 «Ә» сыныбы), қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалім Акимова Г.Н. (6 «А» сыныбы).
4 ақпан күні Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек еткен орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Гульзия Сабырқызын еске алуға арналған 2 аудандық Фариза оқулары өтті. Бұл шараға ауданымыздың негізгі мектептері және Төлеу Шаханов атындағы №3 орта мектебі, Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектебі, №4 орта мектебінің дарынды оқушылары қатысты. Оқушылардың өнеріне баға берген әділ-қазылар құрамында:Бөгенбай батыр атындағы аудандық музейінің ғылыми қызметкері-Адрешов Манап Бектасұлы,аудандық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Жапабаева Гүлден Әкімханқызы, Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз-Нурмуханов Бекай Жаббарұлы.Қатысушылар 1,2,3 дипломдармен марапатталды, жетекшілеріне алғыс хат табыс етілді. Сонымен қатар қатысқандары үшін сертификаттар ұсынылды. Гульзия Сабырқызының жанұясының атынан сыйлықтар табыс етілді.
Мектебімізде Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай, «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты және бастауыш сынып онкүндіктері өтті. Онкүндіктер аясында ашық сабақтар, ашық тәрбие сағаттары, түрлі сайыстар өткізілді.
2019-2020 оқу жылының тқртінші тоқсаныелімізде туындаған COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде мектебіміздің оқу процесі қашықтықтан білім технологияларына көшірілді. Сабақ ватцап, күнделік платформалары арқылы жүргізілді. 2020 жылғы  «8» сәуірдегі№ 135 бұйрығына 2-қосымшада берілген қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды негізге ала отырып бөлім бойынша және қорытынды тоқсандық жиынтық бағалаулар алынды.

Жаңартылған күні: 09.11.2020 13:13
Құрылған күні: 09.11.2020 13:13

Текст